Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы аудандық «Аманат» партиясының төрағасы Самбетов Мадияр Әбілханұлымен кездесті.
Келелі кездесуде ауданның бас имамы партия төрағасының жұмыстарына табыс тілеп, атқырылып жатқан игі істеріне өз ризашылығын білдіріп, сұқбаттасты. Аудандық партияның төрағасы аудан имамына арнайы уақыт бөліп келгені үшін өз алғысын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі