Исі мұсылман жамағат қасиетті Рамазан айындағы сауапты істің бірі - ауызашарлар өткізіп келеді. Бір ай бойы Шу өңірінің барлық мешіттерінде жамағатқа ауызашар беріліп, уағыздар айтылуда.
Айтап айтсақ, "Тоғай" мешітінде жайылған ауызашарда мешіт имамы Жанат Сағитов "Оразаның құндылығы" туралы насихат жүргізіп, құран оқыса, "Хати Сауранбайұлы" атындағы мешітте кезекті ауызашарды бұл жолы 1994 жылғы бауырлар өткізді. Ал мешіт имамы Бақыт Тилемисов "Ауызбіршілік" жайлы уағыз айтты.
Мұндай жиын "Аманкелді" мешітінде де ұйымдастырылып, "Қонаев" мешіті де 100 адамның ауызын ашты.
"Бөлтірік шешен" мешітінде ауыл тұрғындары жиналып игілікті өткізіп онда ауданның наиб имамы Мағжан келіп уағыз-насихат айтты.
"Далакайнар" ауылдық мешітінде Қусайыновтар отбасы ауызашар берсе, "Ж.Жексенбай" мешітінде көпшілік береке-бірлік үшін ұйымдасып, ауызашарды бірге өтткізді.
Мұндай сауапты іс Шудың әрбір мешітінде өткізілуде. Алла ауызашар берген барлық тұрғындардың ниетін қабыл етсін!
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі