#Шу: "Төле би" мешітінің ауласы талға толды

#Шу: "Төле би" мешітінің ауласы талға толды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Дініміз бойынша да ағаш пен жеміс ағаштарын егу сауапты амал. Егілген жеміс ағашының жемістерін тек адам ғана емес, жәндіктер мен құстар да жесе, сауап болады. Осындай сауапты істі жүзеге асыру мақсатында Шу ауданы "Төле би" мешітінде 500-ге жуық ағаш пен гүл отырғызылды. 

Мешіт имамы Талғат Кәрібайұлының бастамасымен мешіт ауласына карликовый 300 түп алма ағашы, абрикос, персик, 20 туя, шырша ағашы отырғызылды. Сонымен қатар 100 раушан гүлі егілді. 

Сауапты іске мешіт жамағаты атсалысып, имамдармен бірге мешіт ауласын көркейтуге білек сыбанып кірісті. 

"Әлдебір мұсылман егер ағаш көшетін отырғызса, немесе егін ексе, кейін оның жемісінен адам жесе де, құс шұқыса да, мал жесе де, ол үшін садақа болып жазылып тұрады" - дейді шариғатымыз.  

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: