Шу ауданының орталығында орналасқан күмбезі көк тіреген "Төле би" мешітінің ауласындағы жөндеу жұмыстары өз мәресіне жетті.
Мешіт имамы Талғат Кәрібайұлының жетекшілігімен мешіт ауласына шатыр (навес) қойылып, мешітке кіретін текпешек жаңартылды. Имамдар қымбат, сапалы материалдардан жасалған дүниелер ұзақ қызмет етеді деп үмітті.
Айта кетейік жасалған шатырдың астында жазды күндері 4000 адамға арналған ас беруге болады. Мешіттің көркіне үлес қосып, мұндай сауапты істі атқарған демеушілерге Талғат имам алғыс білдіріп, батасын берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі