#Рысқұлов: Дін мен дәстүр дәріптелді

#Рысқұлов: Дін мен дәстүр дәріптелді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Ақбұлақ ауылдық «Отарымбет» мешітінің имамы Байғожаев Қалтай дәстүрді дәріптеп, егіз қыздың тұсауын кесті. Егіз қыздардың ата анасының тұсаукесер дәстүрін мешітте өткізудегі себеп, қыздарымыздың жолы ақ болуын және Хақ дінге жақын болуын қаладық,- дейді.

Адам баласына берілген аманат ішіндегі маңыздысы – ол жанұяға болған аманат. Отбасының жағдайларын реттеп, оларға көңіл бөлу – отағасына міндет. Сахих хадисте: «Сенің мойныңда жанұяңның ақысы бар. Ендеше, әрбір хақылы адамның хақысын бер», – деген. Қазақ дәстүрінде ерекше орын алатын маңызды жоралғымыздың бірі ол – тұсаукесер тойы. Шілдехана, бесік тойдан кейін аталып өтетін бұл салт бала енді тәй-тәй жүре бастаған шағында оған «тез жүріп кетсін», «қадамы нық болсын» деген секілді игі тілекпен жасалады.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Әрбір амал ниетке байланысты» дегені бар, демек бұл жерде шариғатқа қарсы кері әрекеттің жоғы айдан анық. Оның үстіне ала жіпті бала аяғына байлап, оны пышақпен кесер кезде «Бісміллә» сөзі айтылады, яғни «Алланың атымен» деп бастайды. Артынан балаға «адал азамат бол», «бөтеннің ала жібін аттама», «бақытты бол» сынды игі тілектерді айтады. Баланың тұсауын кез келген адамға кестірмеген, ата-анасы ақылдаса отырып, тума-туыс дос жарандардан көпті көрген немесе ісіне адал, іс-қимылда тиянақты, шапшаң, құрметті һәм сыйлы адамды арнайы сайлайтын болған.

Тұсаукесердегі ала-жіпке келетін болсақ, бала өскен кезде «өзгенің ала жібін аттамасын», «қиянат жасамасын», «жаман жолға түспесін» деген ниетпен дайындаған. Тіпті ертеде баланың тұсауын тоқ ішекпен де кескен, оның мәні «жоқшылық пен таршылық көрмесін, тоқ болсын» деген ниетте.

Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: