Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көктал ауылдық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің жамағатына облыстық «Һибатулла Тарази» медресе колледжінің ұстазы Нұрсұлтан Зұлпыкаров «Ауыз біршіліктегі мазһабтың маңыздылығы» тақырыбында насихат айтты.
Насихат барысында Зулпыкаров Нұрсұлтан ұстаз: Пайғамбарымыз (оған Алланың салауатымен сәлемі болсын) хадисінде: «Мұсылмандар бір-біріне бауырмалдықта, мейірімділікте, қарым-қатынаста бір бүтін дене іспеттес. Егер оның бір ағзасы ауырса, қалғаны ұйқысыздықта және ыстығы көтерілуінде онымен бірге болады», - деді. Мазһаб – араб тілінен аударғандағы тілдік мағынасында «жол», «мақсат етілген орын» мағыналарына саяды, ал шариғи мағынасында «Құран мен хадиске негізделген, ислам құқығын жүйелеуде өзіндік әдіснамасы бар діни мектеп» деп айтсақ болады.
Мазһаб бір адамның ғана көзқарасына жүгіну емес, ол кісі негізін салған, қалыптастырған, артында мүжтаһид деңгейіне жеткен бірнеше шәкірттері бар мектепке еру», - деді. Нұрсұлтан ұстаз сайып келгенде мазһабтың мұсылмандардың ауызбіршілігін сақтап, нығайтуда орасан рөлге ие екенін жеткізді.
Жамағат тарапынан осы тақырыпқай сай қойылған сұрақтарға ұстаз нақты жауап беруге тырысты.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі