ҚАДІР ТҮНІ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

ҚАДІР ТҮНІ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Қадір түні мына төмендегі нәрселерді орындау мустахаб болады:  
  1. Намаз оқу. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

مَن قَامَ لَيْلَةَ القَدْرِ إيمَانًا واحْتِسَابًا، غُفِرَ له ما تَقَدَّمَ مِن ذَنْبِهِ

 

«Кім Қадір түнін иманмен және сауап тілеп, (намазда) тұрумен өткізсе, өткен күнәлары кешіріледі»[1], – дейді.

  1. Дұға жасау. Айша анамыздан жеткен риуаятта ол былай дейді: «Уа, Алланың елшісі! Мен қадір түніне сәкес келіп жатсам не деп дұға етейін?» – деп сұрадым. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сонда былай дейді:

اللهمَّ إنك عفوٌّ تُحبُّ العفوَ فاعفُ عنِّي

 

«Аллаһуммә иннәкә афуун тухиббул-афуә фағфу әнни (Аллаһым! Сен кешірімдісің, кешіргенді жақсы көресің. Менің күнәларымды кеш)» – деп айт»[2].

Сонымен қатар, Құран оқу, Алланы зікір ету, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту, садақа беру т.б. ізгі амалдарды істеген жақсы болады.

 

«Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан

 

[1] Бухари, №1901.

[2] Термизи, №3513. Ибн Мәжә, №7712. Ахмад, 25384.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: