Түзету мекемесінде 3 жанұяның некесі қиылды

Түзету мекемесінде 3 жанұяның некесі қиылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Таразда Теологиялық оңалту жұмысының инспекторлары мен ҚАЖ комитетінің қатысуымен #59 мекемеде сотталған азаматтардың некесін қию рәсімі жасалды. 

Ұзақ мерзімді кездесу барысында жасалған неке қидыру рәсіміне сотталғандарды діни сауаттандыруға үлес қосқан, темір торда отырған азаматтарға діни білім беріп жүрген  РАНТ мүшесі, облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы арнайы шақырылды.

Қасиетті Рамазан айында имам 1 күнде шариғат бойынша 3 жанұяның некесін қиды. Неке қидырған келіншектер мен сотталған азаматтарға отбасы болудың құндылықтары түсіндірілді.

"Мұндай жағдай  сотталғандардың түзелу жолына нық қадам басуына себеп болатыны сөзсіз" - дейді мамандар.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: