Қордай аудандық мешітінде Әйел-қыздар секторының ұстазы Эльмира Есімқараеваның ұйымдастыруымен "Рамазанда әр күніңді әсемде" атты дөңгелек үстел өтті.
Шарада Рамазан айының артықшылығы, пайдасы тілге тиек болып, осы айды барынша сауапты өткізуге қатысты кеңестер берілді.
"Әжелер алқасының" мүшелері сөз сөйлеп, сұрақ-жауап жасалды. Сұрақтарға дұрыс жауап тапқандарға сыйлықтар беріліп, марапатталды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі