Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қайырымды жұма» қайырымдылық акциясы өтті.
Шараға Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы қатысып, келген отбасыларға аз-кем үгіт-насихат жүргізді. Аудан имамы өз сөзінде: «Құрметті жамағат! Оразаларыңыз қабыл болсын! Бүгін қайырымдылық шарамыз қабыл болсын! Рамазан айында сауаптар еселенеді. Осы шараға демеу болып, садақасын берген жандарға дұға қылсаңыздар», - деді.
Шара соныңда 22 қап картоп мешіт алдына жиналған 100 мұқтаж отбасыға бөлініп таратылды.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі