#Шу: Орамалға келген қыздарға құрмет көрсетілді

#Шу: Орамалға келген қыздарға құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Орамал қай заманда да, қай уақытта да, қай елде де өте үлкен құрмет пен қасиетке ие болған. Және ол кез келген қыз-келіншектің көрігіне көрік, әдемілігіне сән қосатын ерекше әшекей. Біз әдетте адамгершілік пен ұяттан асқан әдемілік жоқ деп жатамыз. Ал, әйел заты үшін ең әдемі әшекей ұятын жабатын – орамал.

Міне, осы орамалды тағып, әуретін толық жапқан қыздарға Шу аудандық "Жәми" мешітінің ұстаздары Рамазан айының құрметіне сыйлыққа көйлек-орамал табыс етті. 

Орамалған келген қыздарға ұстаз Лаззат Махамбетова уағыз айтып, надандық дәуірде әйелдің қадірі болмағандығы, сол себепті орамалдың парыз етілгені, ол әйелдің ары екені турасында насихаттады. 

Қыздар қатты қуанып, өз әсерлерімен бөлісті. Ал көпшілік өз дұға-тілектерін айтты. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: