Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылдық «Тілеш қажы» мешітінің молдасы Рахымбек Кенжебайұлының ұйымдастыруымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы өтті.
Акцияға жағдайы төмен отбасылар қамтылды. Ауыл молдасы әр үйге барып, мұқтаждардың жағдайымен танысып, жиналған азық-түліктерді үлестірді.
Көмек алған жандар рахметін айтып, ұйымдастырушыларға ізгі тілектерін жеткізді. «Рамазан қоржыны» 20 отбасыға табысталды.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі