#Жамбыл: «Көркем әдеп» уағыз тақырыбына арқау болды

#Жамбыл: «Көркем әдеп» уағыз тақырыбына арқау болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Қызылдихан ауылы «Махат ата» мешітінің имамы Чалиев Ескендір бесін намазына мешітке келген жамағатқа «көркем әдеп» турасында уағыз айтты.

Ислам – көркем мінез бен әдептілікке негізделген дін. Әдеп­­тілік адамды көрікті етеді. Ихсан ілімі көркем мінез бен адамға тән күллі әдептілікті қа­лып­тастырады.

Хазреті Мәуләна: «Ақылым жүре­гімнен: «Иман де­ген не?» деп сұра­ды. Жүрегім ақы­лым­ның құлағына иіліп: «Иман дегені­міз – әдеп» деп жауап берді» дейді. Бұл сөздерді ұғынған жанға, керемет мағына мен астар сыйлағаны сөзсіз. Сондықтан, мейлінше әдепті болуға тырысқанымы абзал.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: