«Ораза – ихсан көрінісі» тақырыбында «Әл фирдаус» мешітінің жамағатына арнайы уағыз насихат жүргізілді. Мешіт имамы Алмас Кенжемолдаев ихсан ұғымының мән-мағынасын түсіндіріп, қасиетті Рамазан айында тақуалыққа аса қатты мән беруді үгіттеді.
Ораза құлшылығы мұсылман баласын ихсан дәрежесіне жетуіне көмектеседі. Өйткені ораза – адам мен Алланың арасындағы құпия құлшылық. Мысалы, біздің күнделікті оқып жүрген намазымызды, зекет-садақамызды, қажылық сапарымызды айналамыздағы адамдар көреді. Ал ауыз бекіткенімізді ешкім байқамауы мүмкін. Ораза құлшылығы мұсылманның «бәрін Алла көріп тұр» деген сенімін күшейтеді.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі



16 Январь 2026
27 Раджаб 1447

