Қасиетті Рамазан айында Құран түскен. Осынау қасиетті айда харам заттар қолданудан тыйылғанымыз жөн. Осы ретте, Тараз қаласының бас имамы Аманбаев Ержанның бастауымен қала имамдары 30-ға жуық дүкендерді Рамазан кезінде арақ-шарап сатудан бас тартуға шақырды. Оның орнына пайдалы шырындар, халық көп тұтынатын азық-түлік түрлерін сатуға үндеу жасады. Дүкен иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында арақ сатудан бас тартып, осы мәселені қолдайтындарын айтты.
Арақ сатудан бас тартып, адал өніммен ғана кәсіп қылар болса, Алла Тағала мұндай істің берекесін арттырарына күмән жоқ екенін баса айтты. Кімде-кім жақсы үлгі көрсетсе, оған сол ісінің сауабы және соны үлгі тұтып, соңынан ергендердің де сауабы берілетініне назар аудартып, алда келе жатқан Рамазан айында дүкендерде арақ сатуды тоқтатып, халыққа жақсы үлгі көрсетуге шақырды.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі