Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінде қала әкімі 400-ге жуық адамға ауызашар берді. Арнайы қонақ ретінде ақсалдар төралқасы, дін істер басқармасының өкілдері және қала мешіттерінде тарауих намазын өтіп жатқан қарилар шақырылды.
Бас имам Ержан Аманбаев жамағатқа уағыз-насихатын айтып, ауызашардан кейін Жамбыл телеарнасына арнайы сұхбат беріп, алғысын білдірді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», деген. Және пайғамбарымыздың тағы бір хадисинді келгендей қара сумен болса да ауыз аштыруға ат салысып жүген бауырларымыздың амалдары қабыл болсын.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі