Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлы Екпінді ауылы «Рахымбай ата» мешітінің жамағатымен кездесіп «Ораза – ихсан көрінісі тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың мақсаты рухани кемшіліктерді толтырып, адами құндылықтарымызды сақтап, өз-өзімізді тәрбиелей отырып Рамазан айын тиімді пайдалану.
Жиналған жамағат көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алып, бас имамға ризалықтарын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



16 Март 2026
27 Рамадан 1447

