Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы мәдениет үйінде кезекті бас қосу өтіп, жат ағымның алды-алу шаралары жалғасуда.
Жиынға шақырылған ауыл имамы жиналған жұртқа жат ағымның белгілері, қоғамға зияны мен дәстүрімізге қайшы екенін тілге тиек етті. Жат ағымнан сақтану үшін діни білімімізді жетілдіріп, ұрпаққа дінді үйретіп, салт-дәстүрімізді насихаттап, дәрептеу керек екендігі аталып өтті.
Жиналған қауым сұрақтарын қойып, жауаптарын алып, тарқасты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі