Меркі ауданына қарасты мешіт қызметкерлері намазға жиналған жамағатқа Ислам діні кедей болуға үндемейтіндігін, адалдан нәпақа тауып бай болуға шақыратындығын насихаттады.
Әлеуметтік желілердегі Ислам дініне қайшы айтылып жатқан пікірлерге жауап ретінде, мешіт қызметкерлері Ислам дінінің ғылым-білімге, еңбекқорлыққа, бай болуға шақыратынын егжей-тегжейлі түсіндірп өтті. Ислам дінінде намаз бен қатар айтылған зекет құлшылығы бай-қуатты мұсылман адамға міндеттелетінін жеткізді.
Алла Тағала елімізді бай-қуатты мемлекеттердің қатарынан қылсын!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі