Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлы Ойтал ауылы «Намазхана» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
Қасиетті Рамазан айында аудан имамы ауылдағы Алланың үйі мешітпен пен мешіт қызметкерлерінің жағдайын көріп, тыныс тіршілігімен танысып, ауыл имамына бір қатар тапсырмалар беріп, жоспарларымен бөлісіп қайтты. Мешіттің ішкі-сыртқы тазалықтарына мән беріп, мешітке келген халықпен сыпайлық танытып, мәміле жасау керектігін атап өтті.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі