Қайырымдылық - адам жанының нұры. Жақсылық жасаған жүрек мейірлене түседі. Жомарт жандардың мұрындық болуымен "Төле би" мешітінде "Қайырымды жұма" науқаны өтті.
Науқан аясында жұма күні мешітке келгендерге 150 бөлке нан таратылды. Ақсақалдар бата беріп, кәсіпкер азаматтарға мешіт имамы Талғат Кәрібайұлы алғысын жеткізді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі



16 Март 2026
27 Рамадан 1447

