Жамбыл облысының әкімі 200 адамға ауызашар берді

Жамбыл облысының әкімі 200 адамға ауызашар берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүкіл Республика бойынша облыс, қала және аудан, ауылдарда 7 сәуір ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен ауызашарлар берілуде. Осы бастамамен Бүгін облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов 200 адамға ауызашар берді. Исі мұсылманның ерекше мән беріп, құрметпен, құлшылықпен өткізетін Рамазан айының шарапаты мен сауабы тек ораза ұстаумен шектелмейді. Бұл айдағы сауабы мол амалдардың бірі — ораза ұстаған жандарға ауыз аштыру.

Ауызашарға облыс әкімі, зиялы қауым өкілері, Ардагерлер кеңесінің мүшелері, ақсақалдар, Билер кеңесінің мүшелері, аталған мешіттің имамдары мен қызметкерлері, Әжелер алқасы, "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің студенттері, түрлі салаларда еңбек етіп жүрген азаматтар шақырылды. 

Бас қосуда ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт  Мырзагелдиев Құран оқып, көпшілік еліміздің амандығы, берекесі үшін бірге дұға жасады. 

Қасиетті Рамазан айында ауызашар беру секілді сауапты іс ұйымдастырып, ауыз бекіткен жамағатқа құрмет көрсеткен облыс басшысына ақсақалдар атынан Ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев  сөз алып, ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар мәслихат төрағасы Абдалы Тоқбергенұлы көпшілікті Рамазан айымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА 

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

                        

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: