Мұсылман адам өзінің күнделікті өмірінде қажет болатын діни үкімдерді үйренуі уәжіп. Бірақ, діни сауалдарға әркім дұрыс жауап ала бермейді. «Өзім біліп істей берейін» десе, қателікке соқтығуы мүмкін. Ал, сауалға шешім таппаса, тағы болмайды. Сонда не істеу керек?!
«Біреу білмегенді біреу білер» дейді халық. Пәтуәны арнайы діни білімі бар мамандар ғана бере алады. Тіптен діни сұрақтарға жауап беру де арнайы мамандардың жауапкершілігінде.
Осы орайда Жамбыл облысының пәтуәға жауапты маманы, "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің ұстазы Нұрсұлтан Зұлпыкаров "Кеңесхан қажы" мешітінде жамағатпен кездесті. Шарада пәтуә деген не, оны кімдер береді, сұрақ-жауап пен пәтуәның айырмашылығы, оның маңызы жайында сөз етті.
Маман көпшіліктің сауалына жауап беріп, қоғамдағы түйіткілді сұрақтардың түйінін тарқатып берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі