#Тараз: "Менің алғашқы оразам" семинары өтті

#Тараз: "Менің алғашқы оразам" семинары өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы Политехникалық колледжі студенттеріне қаланың бас имамы Ержан  Аманбаев «Менің алғашқы оразам» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарда оразаға ағзаны қалай дұрыс дайындау, бір айлық жоспар жасау, дұрыс тамақтану секілді тақырыптар қозғалды. Семинардың мақсаты – жаңадан ораза ұстауға ниет білдірушілердің қорқынышын жеңуге көмектесу және олардың кездесетін сұрақтарына жауап беру.

Рамазан айында ораза ұстау әркімнің міндеті. Міне осы тұрғыда жастарға ораза ұстауға көмектесу, оларға көркем  насихат айтып жүректерін баулау мақсатында семинар өтті. «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол нұсқаушы және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді», –  делінеді. Демек, осы айда қазақ жұрты қадір тұтатын Құран аяттары түсіріліп, мұсылман халқына ораза парыз етілді.

"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: