Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.
Осындай игілік "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен 2 отбасыға қайырымдылық көрсетілді.
100 000 теңгеге азық-түлік алып, аталған мешіттің азаншысы Игрогим Жалалиев қап толы азықты жанұяларға апарып табыстады. Көмек алғандар алғысын жеткізіп, қуанышын жеткізді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі