Жамбыл ауданы Шоқай ауылы «Уали Қалпе» мешітінің имамы Сапарбеков Ержан бесін намазына белген жамағатқа «ізгі қоғам» бағыты негізінде «ислам – ізгілік діні» тақырыбында уағыз айтты. Әлемдік діндердің барлығы, соның ішінде әсіресе ислам діні адамзатқа ізгілікті, адамгершілікті, өзара кешірімділік пен мейірімділікті насихаттайды.
Мұны исламның қасиетті қайнар көздері саналатын Құран аяттары мен хадис мәтіндерінен, дін ғалымдары мен ағартушыларының еңбектерінен айқын көруге болады. Онда Жаратушы адам баласына діни-моральдық қағидаттарды ұстанумен қатар, шариғатты – діни-құқықтық нормаларды орындау керектігі жайында жазған. Уағыз соңында мешіт имамы сұрақтарға жауап берді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі