Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында «Бесағаш» мешітінің имамы Керимов Айтжан ауылдық алты отбасына қаржылай көмек үлестірді. Кәсіпкер тарпынан берілген жүз отыз екі мың теңге таратылған болатын. Қасиетті Рамазан айында жасалып отырған игі іске көмек алған отбасылар өз алғыстарын айтты.
Қайырымдылық – адамның бойындағы ізгі қасиеттерден. Айналадағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Сөз соңында айтарымыз, кемел айдың мол сауабына кеңелу үшін қайырымдылық етіп, игі жақсы амалдарды мейлінше көбірек жасауға тырысып қалайық!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі