#Жамбыл: Ораза – тәрбие мектебі

#Жамбыл: Ораза – тәрбие мектебі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Құмтиын ауылы «Ботабай» мешітінің имамы Исмаилов Қуаныш бесін намазына келген жамағатқа «ораза» турасында кеңінен уағыз айтты. Айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан – Алла Тағаланың мейірімі түсетін берекелі ай. Сондықтан исі мұсылман баласы бұл айды асыға күтеді. Біз осы айда ізгі амалдарды жүзеге асыру арқылы Алла Тағалаға жақындай түсеміз.    

Ғұламалар «Ережеп – желге, Шағбан – бұлтқа, Рамазан айы жаңбырға ұқсайды» деген. Шын мәнінде Рамазан – берекелі әрі рухани азық жинайтын ай. Рамазан айының адам баласын тақуалыққа тәрбиелеудегі орны ерекше.

Рамазан – тәрбие айы. Ораза ұстаған адам барынша өз нәпсісімен күреседі. Нәпсі адам баласын жаман іске бұйырады. Ал ораза адам баласын тек жақсы іске бұйырады. Отыз күн бойы ораза ұстаған адам өз бойындағы жаман қылықтардан арылып, нәпсісіне тұсау салады. Нәпсіні тізгіндеу – мұсылман үшін өте маңызды амал. Ғұлама Хасан әл-Басри (Алла оны рақымына бөлесін): «Нәпсінің жетегінде кеткен адам – өз қалауының құлы болғаны. Кімде кім нәпсі қалауына иелік етсе, нәпсісінің патшасына айналады» деген.

 Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: