Тақуалық

Тақуалық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ансарлар арасынан бір жігіт Аладан қатты қорқатын еді. Бара-бара үйінен де шыға алмайтын жағдайға жетіпті. Алла Елшісі (ﷺ) ол туралы естігенде, іздеп үйіне барады. Босағадан енді кіре бергенде, жігіт ұшып тұрып Пайғамбарымызды (ﷺ) қатты құшақтай алады. Сәлден кейін жұрт оның сылқ етіп жерге құлағанын көреді. Жігіт сол мезет жан тапсырған екен. Пайғамбарымыз (ﷺ) көзіне жас алып, еріндері дір-дір етіп: «Алладан қатты қорыққаны соншалық – бұл жігіттің өті жарылып кетті. Нәпсімді уысында ұстаған Аллама ант етейін, ол Тозақтан құтылды», – деді.

Құранда былай делінбейтін бе еді: «Кімде-кім Раббының алдына баратындығынан қорқып, өзін нәпсіқұмарлықтан тежесе, баратын жері Жұмақ болады».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: