Біреуі көріпті

Біреуі көріпті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Ханифа (р.а.) заманында шық бермес шығайбайшылығымен елге танылған бір адам бар еді. Ол кісі қазынасын ауыл сыртына көмеді. Бір күні тыққан жеріне барса, әлдекімдер қазынаны алып кетіпті. Сараң қара аспанды төндіріп, жұртты шулатады. Ұрыны таппай қоймауға бекініп, ақыл сұрап Имам Ағзамға (р.а.) келеді. Имам Ағзам (р.а.) қазынаны тыққан жерге ертіп апаруын сұрайды. Имам (р.а.) ол жерге кімнің келіп-кететінін білмек еді. Ертеңінде қазына көмілген маңайдан бір топ адам саңырауқұлақ теріп жүр екен. Жандарына барып жөн сұрасады. Сөздеріне қарағанда бұлар күнде келеді екен. Бірақ араларынан біреуі жұрт қайтқанда, қалып қоятын көрінеді. Имам (р.а.) оны жеке шақырып алып былай дейді:

–  Дәл осы жерге қазына жасырылған еді. Сол қазынаны сенің қазып алғаныңды біреу көріпті, куәгерлік етуде. Жұмсағаның жұмсаған, қалғанын қайтар, – дейді. Ұры қалғанын қайтарып береді. Имам «біреу көріпті» дегенімен, негізінде адамдардың ешқайсысы оны көрмеген еді. Бірақ Әбу Ханифа (р.а.) үнемі бәрін көріп тұратын Алланы меңзеген болатын. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: