Кәпірлердің жұмағы, мүміндердің зынданы

Кәпірлердің жұмағы, мүміндердің зынданы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Имам Ағзам (р.а.) бір күні үстіне сәнді, сыйлы киім киіп, атын алтынмен әбзелдеп, патшаларға тән салтанатпен көшеге шығады. Сайда қоқыс теріп жүрген бір христиан оны көре салып тұра ұмтылады. Атының шылбырына жармасып тоқтатады да:

–  Уа, имам, бір ауыз сұрағым  бар, жауабын бере кет, – дейді. Имам (р.а.) атының басын тежегенде, христиан сұрағын қояды:

–  Сендердің пайғамбарларың «Дүние – кәпірлердің жұмағы, мүміндердің зынданы» демеп пе еді?

–  Иә.

–  Енді өзің айтшы, екеуміздің қайсысымыз Жұмақта, қайсысымыз Тозақтамыз? – дейді. Сонда имам (р.а.) жылы жымиып:

–  Рас, егер сен Тозақты көрсең, қазіргі халіңе көп шүкір айтар едің. Егер мүмін Жұмақты көрсе, ол қанша бай болса да мына өмірден жерінер еді, – деп жауап қатқан екен.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: