Имамдар қайырымдылық пен кеңпейілділіктің үлгісін көрсетіп, жақсылықтың жаршысы болып келеді. Бұның бір ғана дәлелі ретінде осы жолғы Алланың разылығы үшін екі қой сойылып, еті түгелдей қайырымдылық ретінде жетім-жесірлерге, үй-күйсіз қиналып жүрген жандарға таратылғанын айта аламыз. Тараз қаласында орналасқан «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінің имамы Амангелді Ембергенов мешіт айналасы мен қала ішінде және «Шөлдала» ауылында тұратын жалпы саны 10 мұқтаж отбасыға көмек көрсетті.
Мұқтаж жанұяларға мешіт имамы Амангелді Назарбайұлы арнайы барып, көмек ретінінде берілген етті табыстап қайтты. Бұл жолғы қайырымдылыққа жұмсалған қаражат 110 000 теңгені құрайды.
Имам мұқтаж жандарға Алладан жеңілдік тілеп, дұға жасады. Мұқтаж жандар өз кезегінде имамға шексіз алғыстарын жеткізді.
Тараз қаласы «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінің баспасөз қызметі