Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылы «Хаджи Тамаль Мадина» мешітінде ауыл имамы Ансар Абилов мешітке келген жамағатқа «Бірлігі мықты ел» турасында уағыз айтты. Келген көпшіліктің сұрақтарына жауап беріп, жамағатқа бірлік пен ынтымақта өмір сүрудің маңыздылығын насихаттады.
Асылында, туған елдің ынтымағы мен бірлігін, тыныштығы мен тәуелсіздігін бейбіт күнде өмір сүрген қазіргі ұрпақтан, түрлі майдан мен жорықтан, соғыс пен сұрапылдан көз ашпаған алдыңғы ата-бабаларымыз тереңінен ұққан. Ұғып қана қоймай, ел мен жердің қадіріне жете біліп, Отанды сүюдің шын үлгісін көрсетіп кеткен...
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі