Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы шам мен құптан намазының арасында мешітке келген жамағатқа «жақыныңа жат болма» деген тақырып аясында кеңінен уағыз айтты. Жамағаттың сауалдарына жауап беріп, көпшілікке жақындарымен жақсы мәміледе болуға шақырды.
Асылында дін жолына түскен кез келген адам өз ортасына көркем мінезімен, әдебімен әсер етіп, жақсы істерде белсенді болуы керек. Мәселен, Алланы бір, Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хақ деп білген мұсылман баласы бір-бірімен жақсы араласып, көркем қарым-қатынас құруы қажет. Сонымен қатар айналасына шуағын шашып, қоғамға пайдалы болғаны абзал.
Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің араларыңда ең жақсыларың – қоғамға пайдалы болғандарың» деген.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі