Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің дәретханасына күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын.
Қасиетті жұма күні дәретхана ел игілігіне берілді. Ашылу салтанатына мешіт ақсақалдары мен «Ақжүніс ана» қоғамдық қоры атынан өкілдер келіп қатысты.
«Ақжүніс ана» қоғамдық қоры Алла разылығы үшін дәретхананың жөндеу жұмыстарының шығынын өз мойындарына алып демеушілік жасады.
Ашылу салтанаты Құран оқумен басталып, демеушілік жасаған бауырларымызға дұға жасалды.
Бас имам сөз сөйлеп дініміздегі тазалықтың маңыздылығына тоқталды. Сосын дәретхананы аралап таныстырды. Дәретхана ғимараты заман талабына сай күрделі жөндеуден өтіп, қазіргі заманға сай жылыту қазандықтары орнатылып, ерлерге арналғын 1 жуыну бөлмесі, 10 дәретхана бөлмесі және 23 адамға дәрет алу орынымен және әйелдерге арналған 3 дәретхана бөлмесі 3 адамға дәрет алу орынымен жабдықталды.
Одан бөлек алдағы уақытта, «Меркі ата» мешітінің ғимаратының іші-сыртын толықтай жаңарту және күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізу жоспарлануда.
Айта кетейік, «Ақжүніс ана» қоғамдық қорының демеушілігімен Меркі ауданының орталығындағы «Жақсымбет» мешіті толықтай заман талабына сай күрделі жөндеуден өткен болатын.
Осы игі іс-шараға атсалысқан, демеушілік жасап жатқан барлық азаматтарға Алла разы болсын дейміз!!!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі