Әжелер алқасының тобы кіші қажылыққа аттанбақ

Әжелер алқасының тобы кіші қажылыққа аттанбақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының әжелер алқасы бастаған топ кіші қажылыққа сапарға аттанбақ. 

Исламның бес тірегінің бірі – қажылық. Діні мен дәстүрін ардақтай білген ата-бабаларымыз қажылық сапарын ұлықтап «Ұлы сапар» деп атаған. Оған барып, мұсылмандық парызын өтеп қайтқан адамды «қажы» деп атап, сыйлап, батасын алып қалуға тырысқан. Бұл – қазақ халқының Алланың хақ дініне деген құрметі мен ықыласының дәлелі.

Ұлық сапарға ниет етіп, дайындалып отырған әжелерге "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы дәріс беруде. Қажылық рәсімдеру, кіші мен үлкен қажылықтың айырмашылығы сынды қажетті тақырыптар бойынша күнделікті дәріс жүргізілуде. Ақ жаулықтыларымызға сәтті сапар тілейміз.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: