Шу аудандық "Жәми" мешітінде ұстаздардың жетекшелігімен намаз оқу тәртібі түсіндірілді. Шәкірттер, дәріске жаңадан қосылған кыз-келіншектер мен апаларға 12 парыз, намазды дұрыс оқу тәртібі, намаздағы іс-қимыл жайлы сабақ жүргізілді.
Намаз – діннің тірегі, құлшылықтың ең абзалы. Исламның негізгі бес парызының бірі. Намаз – өзін мұсылман санайтын кісіні Жаратушысына мойынсұндырып, қанағат пен өзге де қайырлы қадамдарға бастайтын ғибраты мол ғибадат. Сондай-ақ, ол – жат әдеттер мен арсыздықтан тыятын, азғындықтан сақтайтын құлшылық һәм рухани азық.
Әрбір иман еткен адамға намаз парыз. Алайда намаздағы әрекетіміз дұрыс па, бұрыс па? Осыны тексеру, әрі намазға тұруға ниетті жандарға үйтеру мақсатында өкен дәріс әйелдерге пайдасын берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі