Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл жайлы Шулық ұстаздар қыз-келіншектерге насихат жүргізді.
Рухани кеш барысында дастархан жайылып, ас үсті көркем уағыз айтылды. Мешіт ұстазы Лаззат Маханбетова дұрыс тамақтану, адал ас ішу, зиынды тамақтарды тұтынбау, дұрыс ыдыстарды таңдау, тән және жан сұлулығы туралы уағыз жүргізді.
Сонымен қатар дұрыс тамақтануға қатысты дәрігер бейнежазбаларынан үзінділер көрсетілді.
"Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдыналу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет"- деп түсіндірді ұстаз.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі