#Қордай: Жат ағымның алдын алу жұмыстары жалғасуда

#Қордай: Жат ағымның алдын алу жұмыстары жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданында жат ағымның алдын алу бойынша бірнеше іс-шаралар легі өткізілді.  Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы мен Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы өңірге қарасты ауылдар мен әкімшілік орындарда, мешіттерде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Аудан бойынша дін саласына жауапты әкімшілік қызметкерлерімен, ауыл тұрғындарымен, спортшылармен, мешіт жамағатымен және жастармен кездесулер жасалды.

Имамдар жат ағым туралы ақпарат беріп, оны ұстанушылардың адасқан тұстарын тілге тиек етті. Діни ақпараттарды сенімді, тексерілген дереккөздерден алуға шақырып, сауалдарға жауап берді. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: