Мешіт - Алланың жердегі үйі. Оның гүлденуіне үлес қосқан әрбір адамға Алла мол сауаптан жазады. Тарихтан білетініміздей мешітке шырақ жаққан сахабаға пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қызын тұрмысқа берген.
Осындай мешітті гүлдендіру мақсатында Отар ауылы "Атамқұл" мешітінде 70 түп ағаш отырғызылды.
Ауыл мешітінің имамы Нұрлан Шәкировтың ұйытқылығымен мешіт ауласына ағаш отырғызуға жамағат та атсалысты. "Қиямет келді дегенше, 1 ағаш болса да егіп қал" деген өсиетті ұмытпайық.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі