ҚМДБ Діни оңалту бөлімі мен Нұр Мүбарак университеті жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының ұйымдастыруымен 26-30 қазан (2022 жыл) күндері имамдарға арналған арнайы курс өткен болатын.
Аталған "Діни оңалту жұмыстарын жүргізудің тиімді тәсілдері" тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсын нәтижелі аяқтағаны үшін Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы марапатталды.
Алматыда өткен 4 күндік курста имамдар жұмы жүргізудің әдіс-тәсілдерін үйреніп, тәжірибелерін арттырды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі