Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында қасиетті жұма күніне орай, «Бесағаш» мешітінің имамы Керимов Айтжан және де мешіт жамағатының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарына арнап, «Берекелі жұма» қайырымдылық науқанын бастады.
Аталған шарада дін жанашырлары көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен он отбасыға арнайы екі қой сойылып, үлестірді. Көмек алған отбасылар ауылдық мешіттің имамы мен жастарға өз алғыстарын жаудырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі