Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлының тапсырмасымен ауданға қарасты барлық мешіт қызметкерлерінің бас қосуымен жиналыс өтті.
Азамат Берікұлы жиынға жиналған мешіт қызметкерлеріне өз алғысын білдіріп, қызметтерінде абыройлы, беделді болуды тілеп жиынды бастап кетті.
Жиынның мақсаты жылды қорытындылап, алдағы келе жатқан аттестацияға дайындықты пысықтап, келер жылға газет-журналға жазылу барысын қадағалау болды.
Жиын соңында мешіт қызметкерлеріне тапсырмалар беріп, елімізге, жерімізге дұға жасалып тарқасты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі