Тұрар Рысқұлов ауданы Көгершін, Каменка, Жаңатұрмыс ауылының жастары ұйымдастырып ауылдағы мұқтаж отбасыларға 3 тұрғын үйдің кілтін табыс етті.
Ауыл жастары қолға алынған бұл қайырымдылыққа біреулер қаржылай, енді бірі заттай, ал келесісі қол күшімен жәрдем берді. Осылайша, ауыл жастары өздерінің ынтымақ пен бірлігін көрсетуде. 2022 жылы осындай жоба аясында 13 үйдің құрылысы жоспарланып, бүгінгі күнге дейін 4 уі пайдалануға берілді. Қалған 6 тұрғын үй жыл соңына дейін берілетін болады.
Аталған үш ауылдың имамдары жастарға, ауыл тұрғындарына жария садақаның абзалдығы мен сауабы тақырыбында уағыз насихат жасап, демеуші болған және қол ұшын созған жастарға ризалығын білдіріп, алғыс айтты.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі