#Шу: Теріс ағым - ақиқаттан да, ақидадан да адасқандар

#Шу: Теріс ағым - ақиқаттан да, ақидадан да адасқандар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әу бастан адамзаттың болмысына рух беріп келе жатқан, тәрбие мен білімнің қайнар көзі саналатын діннің төңірегінде қазіргі кезде қоғамда дау көп. Әсіресе, әлеуметтік желіні ашып қалсақ, көпшіліктің дінге не болмаса дін жолында жүргендерге деген ішкі қарсылығы анық байқалады. Үй ішінен үй тігіп, ағым-ағымға, жік-жікке бөлініп алып, дін төңірегінде қызылкеңірдек болып жататындар барлық жерде кездеседі.

Соның алдын алу мақсатында Шу ауданы "Алмас" колледжінде студенттермен діни кездесу өтті.

Шараға арнайы Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп қайтты.

Бас имам теріс ағымның алдын алатын дұрыс ақпарат беріп, жат ағым ұстанушыларының адасқан тұстарын тілге тиек етті. Имандылық тақырыбында насихат жасап, жастардың сауалдарына жауап берді. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: