"Қордай" аудандық мешітінің "Әжелер алқасы" мүшелерімен бас қосу жасалып, насихат тыңдалды.
Әжерлер алқасы мүшелерімен бас қосу барысында "Жан азығы - тән азығы" жайлы мәліметтер беріліп, уағыз жүргізілді.
Көпті көрген әжелер әйелдердің күтімі, қалжалау, бала емі туралы өз тәжірибелерімен бөлісіп, денсаулықтың шариғатымызда аманат екенін көкркем түрде жеткізді.
Шай үсті айтылған әңгіме жастарға сіңімді болып, әжелердің басқа да кеңестерін көкейлеріне түйіп қайтты.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі