Шу ауданында орталық "Жәми" және "Төле би" мешіттерінің ұйымдастыруымен Қостанайда өрттен зардап шеккендерге көмек жөнелтілді.
Сәбіз, пияз, картоп, киім-кешек сынды көмек түрі Тараз қаласына жіберілді. Облыс орталығында жан-жақтан жиналған көмек тиісті мекенге жөнелтілмек.
Қиын-қыстау сәтте халықтың бір-біріне көмек қолын созуы, шама келгенше жәрдем беруі игі істерден. «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» деген өсиетті есте ұстай жүрейік.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі