Қаланың бас мешіті саналатын «Әулие ата» мешітінің бас имамы Орынбасар Орымбайұлының басшылық етуімен тазалық жұмыстары жүргізіліп, аула тазартылды, арамшөптер жұлынды.
Аулаға күздік гүл отырғызылып, көгалдар ретке келтірілді. Жамағат та жұмыла Алла үйінің көркіне көрік қосты.
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші мешіттің айналасының тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір мұсылман пенденің міндеті. «Әулие ата» мешітінде сенбілік пен жалпы тазалық жұмыстары жоғары деңгейде жиі ұйымдастырылып тұрады. Игі шараға үнемі мешіт имамдары, ұстаздары және барлық қызметкерлері мен жамағат жұмыла атсалысады. Әдеттегідей ғимараттардың іші-сырты толықтай тазаланып, талдардың түбі қопсытылды. Имамдардың мешітке деген қамқорлығының арқасында мешіт бүгінде гүлдене түскен.
АМАНГЕЛДІ ЕМБЕРГЕНОВ
Қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі