Меркі ауданы, Гранитогорск ауылы «Ас-Сами» мешітінің жамағаты және ауыл тұрғындарының демеушілігімен жергілікті балалар интернатына қайырымдылық жасалды.
Аудан бас имамы Азамат Берікұлы арнайы іс сапарамен Гранитогорск ауылына барып, интернатта жатқан балаларды зиярат етіп, уағыз-насихат жүргізіп қайтты.
Аталмыш интернатта аз қамтылған отбасы, көп балалы отбасы және жастайынан жетім қалған 109 бала жайғасқан. Ауыл тұрғындары бір қой сойып, палау дайындатып балаларға арнап дастархан жайды. Сонымен қатар балаларға тәттілер мен киім-кешектер таратты.
Балалардың қуанышында шек жоқ.
Алла Тағала әрбір амалымызды қабыл етіп сауаптан жазғай!!!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі