Жамбыл ауданы Еңбек ауылы «Әл-қадыр» мешітінде ауданымыздың бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының қатысуымен жас шәкірттер арасында арнайы «Мәуліт» мерекесіне орай, мешіт имамы Әбденбеков Жемісбектің ұйымдастыруымен «Құран жарысы» өтті.
Аталмыш шараға қатысқан барлық шәкірттерге алғыс хат берілсе, бірінші, екінші жүлделі орын алған шәкірттерге велосипед табыс етілсе, қалған шәкірттерге ынталандыру ретінде қаржылай сыйлықтар табысталды.
Жалпы 25 шәкірт қатысқан жиында, ауданның бас имамы сөз алып, мұсылман баласының білімді болу керектігін айтып, жастарды діни сауатты болуға шақырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі